Accessibility links

ЕуроОдақ Грекияны дағдарыстан шығару жолдарын іздестіреді


Еуропа Одағы елдерінің қаржы министрлері Грекияны күрделі қаржы-экономикалық дағдарыстан шығару жолдарын талқылау үшін бүгін Брюсселге жиналады.

2009 жылдың нәтижесі бойынша Грекияның бюджет тапшылығы ішкі жалпы өнімнің 13 пайызын құрады. ЕуроОдақ бұл көрсеткіш 3 пайыздан аспауы керек деп белгілеген.

Грекияның қаржы проблемасы біртұтас еуропалық валюта – евро курсының төмендеуіне ықпал етті және ЕуроОдақтың басқа да елдерінің тұрақтылығына қауіп төндіріп тұр.

Сейсенбі күні Брюсселде ұйымға мүше 27 елдің қаржы министрлері кеңейтілген жиналыс өткізеді.
XS
SM
MD
LG