Accessibility links

Бельгия: теміржол апатынан көп адам қаза болды


Бүгін Бельгияда теміржол апатынан кем дегенде 20 кісі қаза тапты. Ол туралы Бельгияның VRT телеарнасы хабарлады. Бастапқы мәліметке қарағанда, қаланың сыртына қатынайтын 2 поезд Халле қаласының тұсында бір-бірімен қақтығысып қалды.

Апаттың себептері тергелу үстінде. Бельгияның оңтүстігіндегі теміржол қатынасы, оның ішінде Брюссель мен Париждің арасында қатынайтын поезд уақытша тоқтатылды.
XS
SM
MD
LG