Accessibility links

Сербия: Прешево жазығында жарылыс болды


Сербияның оңтүстігіндегі этникалық албандар басым тұратын Прешево жазығында жарылыс болды. 4 адам, оның ішінде 1 полицей жараланды.

Сербиялық ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, бомба полицейдің автокөлігінің астына орнатылыпты да, полицей көлікке отырған кезінде жарылыпты.

Билік бұл оқиғаны террористік шара деп санайды. Прешево жазығы Косовоның шекарасы бойында орналасқан. Соңғы 10 жыл ішінде осы аумақта Сербияның қауіпсіздік күштері мен албан содырларының қақтығыстары болып тұрады.
XS
SM
MD
LG