Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның төрағасы Қ.Саудабаев Бакуде


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы-сырқы істер министрі Қанат Саудабаев дүйсенбі күні Әзірбайжанның саяси партияларының өкілдерімен кездесті.

Ресми сапармен Әзірбайжанда жүрген Қ.Саудабаев осы елдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы саяси партиялардың пікірлерін естігісі келді. Әзірбайжанның демократиялық реформалар партиясының көсемі Асим Моллазаденің атап көрсетуінше, «халықаралық ұйымдар Таулы Қарабақ проблемасын шеше алады деген Әзірбайжанның үміті үзіле бастады. Оның айтуынша, Таулы Қарабақ проблемасының шешілуі мәселесінде ресми Баку ЕҚЫҰ-на Қазақстанның төрағалық етуіне үміт артады.

Таулы Қарабақ өлкесі мен басып алған жерлерді босату туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің төрт Қарарын да Армения орындамай келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG