Accessibility links

Гаитидегі мектептің опырылуынан кемінде төрт бала қаза болды


Гаитидің солтүстігіндегі мектеп ғимаратының опырылуынан кеінде төрт оқушы қайтыс болды дейді Қызыл Крест өкілі Перикл Жан-Батист.

Қайғылы оқиға ел астанасы Порт-о-Пренстің солтүстігінде 130 километр қашықтықта орналасқан Кап-Аитьен қаласында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттың опырылуына дүйсенбіге қараған түні болған жауын-шашын мен кезекті жер асты дүмпулері әсер еткен. Оқиға орын алған уақытта мектепте 200-дей адам болыпты.

Бір ай бұрын Гаитиде орын алған ірі зілзаладан кейін елдің солтүстігінде мектептер өткен аптада ғана іске қосылған еді. Ал Порт-о-Пренстегі қатты зардап шеккен білім ордалары әлі де жабық.
XS
SM
MD
LG