Accessibility links

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі болды


Индонезия жағалауында қуаты Рихтер өлшемі бойынша 6,2 балл жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, зілзала ошағы Саумлаки қаласынан 295 шақырымдай жерде тіркелген. Жер асты дүмпуінің ошағы 128 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбан болғандар мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы 30-қыркүйекте Суматра аралында күші 7,2 балл жер сілкінісінен 1 мыңнан астам адам көз жұмған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG