Accessibility links

Денсаулық сақтау министрі маскүнемдер мен темекіге әуес азаматтар ақы төлеп емделетін болсын


Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі алкогольдік ішімдік пен темекінің салдарынан зардап шеккен адамдарды 2011 жылдан бастап ішінара ақылы негізде емдеу тәртібін енгізбек ниетте. Бұл туралы аталған мекеменің басшысы Жақсылық Досқалиев Солтүстік Қазақстан облысында жүргенде мәлімдеген. Оның айтуынша, бастамаға негіз болатын заң жобасы қазір талқылану үстінде.

– Зиян әдеттердің кесірінен немесе техника қауіпсіздігін сақтамағаннан зардап шеккен адамдар жартылай ақысын төлесін, – деді Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.
XS
SM
MD
LG