Accessibility links

Интернетте Евгений Жовтистің блогы пайда болды


Қазақстанда сот үкімімен қамауда отырған белгілі құқыққорғаушы Евгений Жовтис Интернетте өз блогын ашты. Блогтағы алғашқы жазбаларда аутор елдегі адам құқығы саласында болып жатқан оқиғаларға қатысты өз пікірлерін білдірген.

«Оның өзі (Евгений Жовтис - Азаттық) блог ашуға ниет білдірді. Түрмеде, әрине, интернет жоқ. Ол өзінің жазбаларын бізге беріп отырады. Біз өз кезегінде келген сұрақтарды көпшілікке жеткізуге тырысамыз», - деді Жовтисті қорғау штабының жетекшісі, тәуелсіз журналист Сергей Дуванов сейсенбі күні Азаттық радиосына берген түсініктемесінде.

Жовтитің блогы blogspot.com платформасында орналасқан, бірақ Сергей Дувановтың айтуынша, әзірге Қазақстаннан ол блогқа прокси-сервердің көмегінсіз кіру мүмкін емес. «Парақша толық ашылып тұрған жоқ. Біз қазір осы мәселені шешіп жатырмыз», - деді Сергей Дуванов.
XS
SM
MD
LG