Accessibility links

Франция американдық велошабандозды тұтқындауға рұқсат берді


Допингке қарсы зертхананың компьютерлік бағдарламасын бұзуға қатысы бар деген күдікке ілінген американдық велошабандоз Флойд Лэндисті тұтқындауға Франция рұқсат берді.

Лэндис 2006 жылы Тур де Франс көпкүндік велобәйгесінің жеңімпазы атанған болатын. Алайда, допингке тексеру оның ағзасында тестостеронның көп екендігін анықтағаннан кейін ол бұл атағынан айырылып қалған еді.

Лэндис болса, компьютерлік бағдарламаны бұзу оқиғасына өзінің еш қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG