Accessibility links

Түркия министрі Иран ресмилерімен кездесуде


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу Теһранда Иран ресмилерімен кездесіп, елдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені шешуге бағытталған келіссөз өткізуде.

Иран мен әлемнің алпауыт елдері БҰҰ ұсынып отырған келісімге байланысты бір ымыраға келе алмай отыр. Оған сәйкес, Иран ядролық отын жасауы үшін өзінің уранын шетелге шығаруы тиіс болатын. Батыс елдері бұл келісім Иран ядролық қару жасауы мүмкін деген алаңдаушылықтарды жояды деп сенеді. Теһран болса ядролық бомба жасау ниетіміз жоқ дейді. Өткен аптада Иран Теһрандағы медициналық зерттеу реакторы үшін 20 пайыздық байытылған уранын өндіре бастағанын хабарлады. Осыдан кейін Батыс елдерімен арадағы шиеленіс өрши түсті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG