Accessibility links

Теһран Клинтонның мәлімдемесін айыптады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Иран "әскери диктатураға" айналуы мүмкін деген мәлімдемесін Теһран айыптап отыр. Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттакидің мәлімдеуінше, АҚШ-тың өзі әскери диктатураға тартылған және Вашингтон Таяу Шығыста дұрыс емес саясат жүргізуде.

Дүйсенбі күні Катарға сапары барысында Клинтон Ирандағы Ислам төңкерісі сақшылары корпусының билігі соншалықты, ол елдің іс жүзіндегі үкіметіне айналып барады деп атап көрсеткен болатын.
XS
SM
MD
LG