Accessibility links

Януковичтің инаугурациясы 25 ақпанда өтеді


Виктор Янукович ақпанның 25-де Украинаның жаңа президенті ретінде ант қабылдайды. Сейсенбі күні Януковичтің инаугурация күнін белгілеуді ел парламентіндегі 450 депутаттың 238-і қолдап дауыс берді.

Янукович ақпанның 7-дегі президент сайлауының екінші кезеңінде қарсыласы премьер-министр Юлия Тимошенконы шамамен 3.5 пайыздық айырмашылықпен жеңген болатын.

Тимошенко сайлау қорытындысын мойындаудан бас тартып, дауыс берулер бұрмаланды деп айыптап отыр. Ол сондай-ақ премьер-министр лауазымынан бас тартпайтынын айтты. Сейсенбі күнгі парламенттегі дауыс берулерге Тимошенконың блогы қатыспады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG