Accessibility links

Түркия-Иран келіссөздерінен нәтиже шықпады


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу Теһранда Иран ресмилерімен кездесіп, елдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені шешуге бағытталған келіссөздер өткізді. Алайда бұл кездесу айтарлықтай нәтиже бермеді.

Иран мен әлемнің алпауыт елдері БҰҰ ұсынып отырған келісімге байланысты бір ымыраға келе алмай отыр. Оған сәйкес, Иран ядролық отын жасауы үшін өзінің уранын шетелге шығаруы тиіс болатын. Батыс елдері бұл келісім Иран ядролық қару жасауы мүмкін деген алаңдаушылықтарды жояды деп сенеді. Теһран болса ядролық бомба жасау ниетіміз жоқ дейді. Өткен аптада Иран Теһрандағы медициналық зерттеу реакторы үшін 20 пайыздық байытылған уранын өндіре бастағанын хабарлады. Осыдан кейін Батыс елдерімен арадағы шиеленіс өрши түсті.
XS
SM
MD
LG