Accessibility links

Астана Таулы Қарабах жанжалын реттеуге қатысты өз ұсынысын жасамақ


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың мәлімдеуінше, Астана Таулы Қарабах жанжалын реттеуге қатысты өз ұсыныстарын жасайтын болады.

«Қанат Саудабаевтың Әзірбайжан мен Арменияға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Баку мен Еревандағы келіссөздердің нәтижесіне негізделіп, бұл жанжалдағы арағайындық стратегиясын әзірлейді», - деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпараттар жөніндегі комитетінің төрағасы Роман Василенко.

Саудабаев Оңтүстік Кавказға сапарын жалғастырып жатыр. Сәрсенбі күні ол Грузияға барып, бірқатар ресмилермен кездеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG