Accessibility links

Өзбекстанда режиссердің өліміне байланысты 3 адам түрмеге жабылды


Өзбекстандағы сот театр директоры Марк Вайльдің өліміне байланысты үш адамды 17 жылдан 19 жылға дейін түрмеге жапты. Өзбекстандағы адам құқықтары бойынша комитеттің басшысы Марат Захидовтың мәлімдеуінше, осы қылмысқа қатысты бар тағы бір бас күдікті бостандықта жүр.

Елдегі "Ильхом" деп аталатын жалғыз жекеменшік театрының негізін қалаған Марк Вайль 2007 жылдың қыркүйек айында Ташкенттегі өз үйінің жанында өлтірілген болатын. Ресей жазушысы Александр Пушкиннің "Подражания Корану" шығармасына негізделген Вайльдің қойылымы исламға қарсы делінген айыптаулар айтылған болатын.
XS
SM
MD
LG