Accessibility links

Марғұлан Сейсембаев өзін ақтап шығуға дайын


«Альянс банк» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Марғұлан Сейсембаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжинге ашық хат жазды. Топ-менеджердің жолдауы бейсенбі күні «Свобода слова» газетінде жарияланды.

Хатта Сейсембаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды және кінәлі еместігін дәлелдеуге дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, ол банк акционерлеріне қарсы қылмыстық істе тергеудің әділ жүргізілуін талап етті. Сейсембаев хаттың Қауіпсіздік кеңесінде талқылануын және халықаралық аудиторлық компанияларды мәліметтерді тексеруге қатыстыруын сұрады.

2009 жылы қазанда Сейсембаевқа банктің шамамен 17 миллиард теңгесін талан-таражға салған деген сырттай айып тағылды. Топ-менеджерге халықаралық іздеу жарияланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG