Accessibility links

Лондон ХАМАС өкілін өлтіру ісіндегі британдық төлқұжаттарды зерттейді


Ұлыбританияның премьер-министрі Гордон Браун палестиналық ХАМАС радикалдық тобының көсемдерінің бірі Махмуд әл-Мабхухтың Дубайда өлтірілуіне қатысты істе британдық төлқұжаттардың қайдан пайда болғандығын зерттеуді тапсырды.

Біріккен араб әмірлігі билігінің тергеу іс-шаралары барысында 11 шетел азаматын қамауға алу туралы шешім шығарылды, солардың алтауынан британдық төлқұжат табылды. Ұлыбритания және Ирландия биліктері сейсенбі күні күдіктілерде табылған бұл елдердің төлқұжаттары жалған деп мәлімдеді.

ХАМАС израилдік арнайы қызметті өзінің белсендісін өлтірді деп айыптап отыр. Сәрсенбі күні Израильдің сыртқы істер министрі Авигдор Либерман израильдік моссад барлау агенттігінің әл-Мабхухтың өліміне қатысы барлығын дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ деп мәлімдеді.

Әл-Мабхухтың өлі денесі өткен айда Дубай қонақ үйінде табылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG