Accessibility links

Ирақта жарылыстан 6 адамның өмірі қиылды


Бүгін Ирақтың Рамади қаласында бомба жарылысынан алты адам қаза тауып, ондаған кісі жарақат алған.

Хабарларға қарағанда, бір жанкешті жергілікті үкімет кеңсесі жанындағы бақылау бекетіне жарылғыш заты бар көлігімен келіп, оны іске қосқан.

Наурыздың 7-де Ирақта өтетін парламенттік сайлаулар жақындаған сайын жанкештілік шабуылдар қайта басталып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG