Accessibility links

АҚШ өкілі Холбрук Пәкістанға барды


Бүгін Исламабадта Құрама Штаттардың Ауғанстан мен Пәкістан елдері бойынша арнайы өкілі Ричард Холбрук Пәкістан жетекшілерімен келіссөздер өткізіп жатыр. Оның Пәкістанға сапары талибанның әскери қолбасшысы қолға түскен бір күннен кейін болып отыр.

Холбрук Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гиланимен кездесіп, аймақтағы бүлікшілерге қарсы күресте ынтымақтастықты күшейту турасында сөйлескен.

Сәрсенбі күні Ауғанстанда болған Холбрук талибан қолбасшысы Мулла Абдулғани Барадардың ұсталуын айтарлықтай оқиға деп атаған.
XS
SM
MD
LG