Accessibility links

ЕуроОдақ өкілі Эштон Боснияға көмектесуге сөз берді


Бүгін Боснияда сапармен жүрген Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі басшысы Кэтрин Эштон бұл елдің Еуропа Одағына қосылуға қол жеткізуіне уәде берді.

Эштон ЕуроОдақтың аймаққа маңыздылығын атап өтіп, Босния үшін үш бірдей жолдауы бар екенін айтты. Оның бірі - Босния түрлі қауымдастықтары бар ел, екіншісі - Босния келешегі Еуропа Одағымен, үшіншіден - Еуропа Одағы Боснияға көмектесуге дайын деді.

Балқан аймағына екі күндік сапармен барған Кэтрин Эштон Сербия мен Косовоға да бармақшы. Эштонның сапары сәрсенбі күні Косово Сербиядан тәуелсіздігін жариялағанына екі жыл толғанын атап өткен соң болайын деп отыр. 27 мүшесі бар Еуропа Одағының бес елі оның ішінде одаққа қазіргі төрағалықты алып отырған Испания Косовоның тәуелсіздігін әзірге мойындаған жоқ.

Косовоға сапарының алдында Эштон бұл елдегі заңның орындалуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі прогрестер жайлы талқылайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG