Accessibility links

БҰҰ-ның климат бойынша басшысы орнынан кетеді


БҰҰ-ның климат мәселелері бойынша басшысы Иво де Боер 1-ші шілдеден бастап орнынан кетеді. Ол өзінің бұл қызметтен кетуі екі ай бұрын сәтсіз өткен Копенгагендегі ауа-райының өзгеруіне қатысты келіссөздерге қатысты емес екенін айтты.

Оның кеңсесі таратқан хабарламаға қарағанда, де Боер ғаламдық кеңес берушілер тобына қосылады.

Де Боердің шілде айында кетуі ауа-райының өзгеруіне қатысты ғаламдық келісімге қол жеткізу мақсатында Мексикада өтетін 193 елдің кездесуіне бес ай қалғанда болмақшы.
XS
SM
MD
LG