Accessibility links

Қазақстан Таулы-Қарабах жанжалын реттеу үшін жол картасын дайындайды


Қазақстан ЕҚЫҰ-на төраға ретінде Таулы-Қарабах мәселесін бейбіт реттеуге бағытталған жол картасын жасамақшы. Бұл туралы Венада ашылған ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының отырысында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлімдеді.

Оңтүстік Кавказ елдері Әзірбайжан, Армения және Грузияға 4 күндік сапарын аяқтаған Саудабаев енді сапарымның қорытындысы бойынша, бұл процеске қатысқан тараптармен болған оң нәтижелерге сүйене отырып, біз жол картасын дайындамақшымыз деді.

Қазақстан сыртқы істер министрі Армения және Әзірбайжан президенттерімен кездесулері ашық пікір алмасу тұрғысында болғанын айта келе, түрлі саяси партия өкілдері мен депутаттар және қақтығыстан зардап шеккендермен сөйлесу арқылы Таулы-Қарабах мәселесі туралы жалпы түсінік қалыптасты деген.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG