Accessibility links

Ауғанстанда коалиция күштерінің шығыны өсті


Ауғанстанның оңтүстігінде тәліптерге қарсы әскери операция барысында НАТО қолбасшылығындағы халықаралық күштердің төрт сарбазы қаза болды.

Хабарларға қарағанда, бейсенбі күні үш сарбаз орнатылған жарылғышқа түсіп қалған, тағы бір сарбаз жау оғынан қаза тапты.

НАТО қолбасшылығы өлтірілген сарбаздардың қай елден екендігін хабарламады, бірақ британдық қорғаныс министрлігі екі британ сарбазының қаза болғандығын жариялады.

Қазіргі күні Ауғанстанның оңтүстігінде Марджа қаласы аумағындағы әскери операциялар барысында НАТО-ның тоғыз және үкіметтік күштердің бір сарбазы қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG