Accessibility links

Украинада сот Тимошенконың шағымын қарайды


Украинаның жоғарғы әкімшілік соты бүгін премьер-министр Юлия Тимошенконың президент сайлауы екінші турының нәтижесіне қатысты арыз-шағымын талқылайды.

Аймақтар партиясының басшысы Виктор Януковичтің сайлаудағы қарсыласы дауыс беру барысында заң бұзушылықтар болды деп есептейді.

Бұған дейін сот, арыз-шағымды қарап біткенге дейін, орталық сайлау комиссиясының Януковичті президент сайлауының жеңімпазы ретінде жариялауын тоқтатқан еді.

Украинаның Жоғарғы Радасы Януковичті инаугурациялау уақытын 25 ақпанға белгілеп қойды.
XS
SM
MD
LG