Accessibility links

ЕуроОдақ өкілі Косовоға барады


Еуропа Одағының сыртқы қатынастар бойынша басшысы Кэтрин Эштон бүгін Косовоға барады. Бұл оның Балқан елдеріне жасап отырған алғашқы сапары.

Бейсенбі күні Белградқа сапары барысында Эштон Сербияны халықтың негізгі бөлігін этникалық албандар құрайтын Косовомен практикалық байланыстарын жақсартуға шақырды.

Косово осыдан екі жыл бұрын Сербиядан өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Белград бұған наразылық танытып отыр. Косовоның тәуелсіздігін АҚШ пен ЕуроОдақ елдері мойындады.
XS
SM
MD
LG