Accessibility links

Баку: Таулы Қарабах жанындағы атыстан 3 Әзірбайжан сарбазы қаза тапты


Әзірбайжан армяндар бақылауындағы Таулы-Қарабах жанында орын алған атыстан үш сарбазының қаза тапқандығы туралы хабарлады. Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Эльдар Сабироглу бейсенбі күнгі бұл оқиғаға байланысты Армения күштерін айыптады.

Таулы Қарабах 1990 жылдары Арменияның қолдауымен Әзірбайжаннан бөлініп шыққан болатын. 1994 жылы арада атысты тоқтату жөніндегі бітім жасалды. АҚШ пен Франция және Ресей өкілдерінен құрылған арағайындар тобы 15 жылдан бері тұрақты бейбітшілік келісіміне қол жеткізе алмай келеді.
XS
SM
MD
LG