Accessibility links

Холбрук Өзбекстан президентімен кездесті


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі бүгін Ташкентте Өзбекстан президентімен кездесті. Өзбекстандағы АҚШ елшілігінің хабарлауынша, Ричард Холбрук пен Ислам Каримов екі жақтың мүддесіне жататын бірқатар мәселелерді, оның ішінде Ауғанстан мәселесін талқылаған.

Өзбекстанның алдында Холбрук Пәкістан мен Ауғанстанда келіссөздер өткізді. Ол сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Қазақстан елдеріне барады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG