Accessibility links

Ресейде адам өлтірген полицей өмірлік түрме жазасына кесілді


Ресей соты екі адамды атып өлтірген полиция қызметкерін өмір бойы бас бостандығынан айырды. Мәскеу аудандық полициясының басшысы Денис Евсюков өткен жылдың сәуір айында қаладағы супермаркетке кіріп, адамдарға оқ ата бастаған болатын. Ол атыстан бір адам қаза тапты. Оның алдында Евсюков оны дүкенге алып барған такси жүргізушісін өлтірген еді. Бұл оқиға қоғам арасында наразылық туғызды.

Евсюковқа қатысты сот шешімінен бір күн бұрын президент Дмитрий Медведев ішкі істер министрлігінде реформа жүргізуге шақырып, полициядағы жемқорлықпен күрес шараларын жариялады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG