Accessibility links

Карзай НАТО күштерін бейбіт тұрғындар өлімін болдырмауға шақырды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай халықаралық әскери күштердің талибандарға қарсы операциясында бұрынғыдай бейбіт халық арасынан адам шығыны көп болып жатыр деді.

Кабулда парламент отырысында сөйлеген сөзінде Карзай одақтас күштерге қолбасшылық жасап отырған генерал Стэнлей МакКристалдың бейбіт тұрғындар шығынын азайту үшін әуеден бомба тастау сияқты кейбір операцияларды азайтуға тырысып жатқанына алғысын жеткізіп, бірақ әлі де ол шаралар жеткіліксіз деді.

Осыдан бір апта бұрын Ауғанстанның оңтүстігінде басталған тәліптерге қарсы бірлескен операциядан ауғандық ресмилердің дерегі бойынша, 15 бейбіт азамат қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG