Accessibility links

Мароккода құлаған мешітте қаза тапқандар саны өсуде


Нақтыланған мәліметтерге қарағанда, Марокконың Мекнес қаласында мешіт минареті құлағанда қаза болғандар саны 40-тан асты. Тағы 70 шақты кісі жарақат алды.

Марокконың Ішкі істер министрлігі таратқан хабарларға қарағанда, жергілікті халық жұма намазға жиналған кезде құрылысына 400 жыл болып қалған мешіт минареті құлаған.

Жергілікті ресмилер мешіт мұнарасының құлауына қатты жауған нөсер себеп болуы мүмкін деді. Апат болған жерде құтқару шаралары жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG