Accessibility links

Холбрук Тәжікстан Ауғанстан үшін маңызды деді


АҚШ-тың арнайы өкілі Ричард Холбрук сенбі күні Душанбеге сапарында, Ауғанстанда бейбіт ахуал қалыптастыру жолында Тәжікстан өте маңызды ел деді. Тәжік президенті Эмомали Рахмонмен кездесуден кейін журналистерге сұқбат берген Холбрук, Тәжікстан этникалық, географиялық және стратегиялық жағынан маңызды ел болып отырғанын айтқан.

АҚШ-тың Ауғнстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі Холбрук ауған елімен 1,340 шақырымдай шекарасы бар Тәжікстанда сапармен болды. Оның Орталық Азия елдеріне сапары осы аптада басталған.

Жұма күні Өзбекстан мен Қырғызстанда болған АҚШ өкілі жексенбі күні Қазақстанға, одан кейін Түркменстанға да барады.
XS
SM
MD
LG