Accessibility links

ХВҚ Румынияға 3,3 млд доллар несие беруді мақұлдады


Халықаралық валюта қоры Еуропа Одағының мүше елі Румынияның рецессиядан шығуына көмектесу үшін 3,3 млд доллар несие бөлуді мақұлдады.

ХВҚ-ның мәлімдеуінше, соңғы қаржылай қолдаумен Румынияның 2009 жылдың мамырында жасалған 24 айлық несие келісімі бойынша алған қаражаты 12,6 млд доллар болды.

Қаржы ұйымының хабарына қарағанда, бұл несие Дүниежүзілік банк, Еуропа Одағы және ХВҚ-ның экономикалық қиындықтан шығу үшін Румынияға көместесуге бағытталған 27 млд доллар болатын қаржылай қолдаудың бір бөлігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG