Accessibility links

Мадейра аралындағы су тасқынынан 38 адам қаза тапты


Атлант мұхитындағы Мадейра аралында су тасқыны мен лай көшкінінен 38 адам қаза болған. Жүз шақты адам хабарсыз кетті. Португалия үкіметі бұл аралға төтенше көмек жолдады.

Португалия премьер-министрі Жозе Сократеш Мадейрадағы жағдайға алаңдаушылық танытып, ішкі істер министрі Руй Перейра зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жариялау мүмкіндігін айтты.

Курортты арал Мадейра Португалия құрлығынан 900 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл туристердің демалатын ең белгілі орындарының бірі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG