Accessibility links

Астанада АҚШ-тың арнайы өкілі Холбрук Мәсімовпен кездесті


Жексенбі күні Астанаға сапармен барған АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі Ричард Холбрук пен Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кездесті. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап ҚазТАГ агенттігі жазып отыр.

Кездесуде АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелер мен екіжақты қарым-қатынасты кеңірек және көпжақты форматта дамыту жағдайлары талқыланған.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада, тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстардың алға басқанына тоқталып, әлі де дами беретініне сенім артты делінген.

Мәсімов пен Холбрук Ауғанстандағы жағдайға Қазақстанның үлес қосу мәселесі мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы турасында да сөйлескен.
XS
SM
MD
LG