Accessibility links

Карзайдың келіссөзге шақырғанын тәліптер тағы қабылдамады


Бүгін ауғандық талибандар президент Хамид Карзайдың бейбіт келіссөздерге шақырған ұсынысын тағы қабылдамады.

Талибан қозғалысының өкілі Кари Мохаммад Юсуф Карзайды үкімет пен елдің атынан шыға алмайтын “қуыршақ” деп айыптады.

Сенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Карзай парламентте сөйлеген сөзінде, тәліптерге қайрылып, оларды өзінің бейбіт жоспарын қабылдауға шақырған.

Бұларада Ауғанстанның оңтүстігінде халықаралық күштердің талибан жауынгерлеріне қарсы бірлескен операциясы жүріп жатыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG