Accessibility links

Румынияның социал-демократтары партияға жаңа басшы сайлады


Румынияның оппозициялық социал-демократиялық партиясы 37 жастағы заңгер Виктор Понтаны өздеріне жаңа жетекші етіп сайлады.

Партияның бұрынғы жетекшісі, экс-сыртқы істер министрі Мирча Джоанэнің орнына келіп отырған Понта 2004 жылдан парламент депутаты болған. Ол партия басшылығына сайланған соң сөйлеген сөзінде, партияның бірлігін қалпына келтіруге шақырды.

Румынияның социал-демократтар партиясы өткен жылғы президенттік сайлауда Джоанэ қазіргі президент Трайан Басескуден жеңіліп қалғаннан бері ыдырап келе жатқан. Джоанэ партия басшылығында 2005 жылдан келе жатқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG