Accessibility links

Тәжікстан парламенттік сайлау үшін шетелдерде учаскелерін ашпақшы


Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 28-де өтетін парламенттік сайлауға дайындығын күшейтіп отыр.

Жексенбі күні сайлау комиссиясы әлемнің әр түкпірінде жүрген тәжіктердің сайлауға қатысуына жол ашу үшін әр елдегі Тәжікстан елшіліктері мен консулдықтарында дауыс беру учаскерлері жұмыс істейтін болады деп хабарлады.

Сонымен қоса дауыс беру жәшіктері жүз мыңдаған тәжік мигранттары жұмыс істеп жүрген Ресейдің ең үлкен сегіз қаласындағы Тәжікстан өкілдіктеріне қойылатыны айтылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG