Accessibility links

Тимошенко соттан шағымын алғанымен Януковичке жол бермейді


Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко президенттік сайлаудағы қарсыласы Виктор Януковичке қарсы сотқа берген шағымын қайтарып алғанымен, өзінің жеңілісін мойындамай Янукович заңсыз сайланды дегенді қайталай беретінін айтты.

Ақпанның 7-дегі дауыс беру барысында Янукович бұрмалаушылықтар жасады деген Тимошенко Украина сотының әділ шешім шығаратынына сенбей, сенбі күні арызын қайтып алды.

Сайлау қорытындысы бойынша ресми түрде жеңіске жетті деп жарияланған Янукович Тимошенконың үкімет басшысы қызметінен кетуге шақырып келген. Хабарларға қарағанда, Тимошенко ақпанның 25-де өтетін инаугурациядан кейін де премьер-министрлікте қалуға тырысып жатыр. Оны үкімет басшысынан кетіруді Украина парламенті шешеді.

Сенбі күні орнынан кетіп бара жатқан президент Виктор Ющенко Януковичті сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG