Accessibility links

Пәкістанда тәліптердің тағы бір көсемі ұсталды


Пәкістанның солтүстік-батысында "Талибан" қозғалысының көсемдерінің бірі Мульви Кабир қолға түсті. Бұл туралы американдық Fox News телеарнасы АҚШ билігінің жоғарғы лауазымды өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Тәліптердің 90-шы жылдарлағы билігі кезінде Кабир ауғандық Нангархар провинциясының губернаторы болған еді. Ол "Талибан" қозғалысының он ірі өкілінің бірі саналады.

Жақында пәкістандық және американдық арнайы қызметтің бірлескен операциясы барысында қозғалыстың негізін қалаушы молла Омардан кейінгі екінші адам - молла Барадар ұсталды деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG