Accessibility links

Батыс жағалаудағы екі қасиетті ескерткіш Израильге өтеді


Израиль үкіметі Иордан өзенінің Батыс жағалауында орналасқан екі қасиетті діни орынды елдің тарихи мұрасы тізіміне енгізді.

Израиль премьер-министрі Биньямина Нетаньяхудың айтуынша, патриархтар кесенесі және Рахиль кесенесі мемлекеттің қаржысымен жөнделетін ескерткіштер жоспарына енеді. Екі нысан да иудейлер, христиандар және мұсылмандар қастерлейтін библиялық қасиетті ескерткішке жатады.

Израиль үкіметінің шешімі палестиналықтардың наразылығын туғызды. Олардың пікірінше, бұл жағдай Палестина аумағында діни және саяси жанжалдар туғызады.
XS
SM
MD
LG