Accessibility links

Алматыда Әлихан Бөкейханның шығармалар жинағы таныстырылады


Бүгін Алматыда Ұлттық кітапхананың ғимаратында Әлихан Бөкейханның 7 томдық толық шығармалар жинағының алғашқы 3 томының тұсаукесері өтеді.

Жинаққа ғалым әрі қайраткердің қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары, хаттары, әдеби аудармалары, ғылыми зерттеулері кірді.

Әлихан Бөкейхан – ғұлама ғалым, публицист әрі көрнекті мемлекет қайраткері – қазақтың 20 ғасыр басындағы «Алаш» ұлттық қозғалысының көсемі, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы Ұлттық Кеңесінің төрағасы.

Толық шығармалар жинағын журналист Сұлтанхан Аққұлұлы құрастырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG