Accessibility links

Қырғыз оппозициясы үлкен құрылтайға қатыспайды


Қырғызстанның біріккен оппозициялық қозғалысы Үлкен құрылтайға қатыспайтындығын жариялады.

Президент Құрманбек Бакиевтің бастамасымен шақырылған келісім форумы 23 наурызда өтеді деп жоспарланған. Республика бойынша 750 кісі қатысатын құрылтайда республика дамуының ең маңызды мәселелері қаралады.

Оппозиция өкілдері бұл іс-шараны ешқандай пайдасы жоқ жиын деп бағалады. Олар құрылтай қарсаңында Қырғызстандағы саяси және экономикалық жағдайға баға беруді көздейтін форум ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG