Accessibility links

Ауғанстанда коалиция соққысынан бейбіт тұрғындар қаза болды


Ауғанстанда НАТО күштерінің әуе соққысы нәтижесінде кем дегенде 19 бейбіт тұрғын қаза болды деп хабарланды.

НАТО қолбасшылығы Ауғанстанның оңтүстігінде жексенбі күні коалиция күштері, ішінде содырлар бар деген есепен, автокеруенді әуеден атқылағандығын растады. Кейін көліктерде әйелдер мен балалар отырғандығы анықталған.

Урузган провинциясы үкіметтік кеңесінің басшысы Аманулла Хотаки 19 адам қаза болды деп хабарлады. Алайда Ауғанстанның ішкі істер министрі 27 кісінің өлімі туралы дерек келтіріп отыр. Министрдің айтуынша, соққыға ұшыраған көліктерде 42 бейбіт тұрғын болған.

Ауғанстан үкіметі мен НАТО қолбасшылығы оқиғаны бірлесіп зерттей бастады.
XS
SM
MD
LG