Accessibility links

Иран: Уран байытатын жаңа зауыт салмақшымыз


Теһран наурыз айынан бастап уран байытатын тағы екі зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Иранның атом энергиясы бойынша ұйымының басшысы Али Акбар Салехи мәлімдеді.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. АҚШ пен оның одақтастары уран байытуын тоқтатудан бас тартқан Иранға қосымша санкция енгізу керек дейді.
XS
SM
MD
LG