Accessibility links

Әлихан Бөкейханның шығармалар жинағы жарық көрді


Бүгін Алматыда Әлихан Бөкейханның жеті томдық толық шығармалар жинағының алғашқы үш томының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге Әлихан Бөкейханның және алаш зиялыларының ұрпақтары, алаштанушы тарихшылар қатысты.

Тұңғыш рет толық құрамды әрі хронологиялық тізіммен жарық көрген кітапқа ғұлама ғалым, публицист әрі көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның қазақ және орыс тілдерінде жарияланған мақалалары, хаттары, әдеби аудармалары, ғылыми зерттеулері енді.

Жинақты журналист Сұлтанхан Аққұлұлы құрастырды.

Әлихан Бөкейхан 1917 жылы Алаш автономиясының тұңғыш төрағасы болып сайланды. 1937 жылы саяси репрессияға ілігіп, ату жазасына кесілді. 1989 жылы КСРО Жоғарғы сотының қаулысымен ақталды.
XS
SM
MD
LG