Accessibility links

Ирақтағы зорлық-зомбылықтан 16 адам қаза тапты


Дүйсенбі күні Ирақта орын алған шабуылдардан 16 адам қаза тапты.

Бағдадтың оңтүстігіндегі Мадаен ауданында қарулы адамдар бір отбасының 8 мүшесін атып өлтірді. Мосул қаласындағы тексеру бекеттерінде орын алған шабуылдардан 2 сарбаз бен 2 полиция қызметкері құрбан болды. Ал Рамадиде бір жанкешті кісі ішкі істер министрлігінің абақтысына шабуыл жасап, үш адамды өлтірді. Сонымен қатар Бағдадта білім беру министрлігінің өкілі оққа ұшты.

Ирақта наурыздың 7-де парламенттік сайлаулар өтеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG