Accessibility links

Ақтөбе соты Өзбекстан президентіне қатысты арызды қараудан бас тартты


Ақпанның 22-күні Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы, Өзбекстан президентін сотқа берген ақтөбелік тұрғын Татьяна Назарованың арызын қанағаттандырмай тастады.

Татьяна Назарова Қазақстанның ішкі істер министрлігі мен Өзбекстан президентін жауапқа тартуды сұрап арыздғанған болатын. Ол енді халықаралық сотқа шағымдануды көздеп халықаралық құқыққорғаушылардан көмек сұрауда.

Бұдан бір жыл бұрын Ақтөбе облысының бір топ тұрғыны көршілес Өзбекстан Республикасында ұсталған болатын. Олар боранды күні адасып, шекараны байқамай кесіп өтіп кеткендерін айтқан. Бірнеше ай сол елде тұтқында болған 30-ға жуық Қазақстан азаматтарын Өзбекстан соты жауапқа тартып, әрқайсысына 11 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салып, кері қайтарған болатын. Алайда елге оралған ақтөбеліктер өздерімен бірге болған Иван Назаровтың белгісіз жағдайда қаза тапқандығын білген.

Марқұмның анасы Татьяна Назарова ұлын Өзбекстан құқық органдарының қызметкерлері өлтірген деп санайды. Алайда, оған жауапты азаматтар әлі күнге дейін анықталмай отырғандығын алға тартқан ол қол астындағы қызметкерлері үшін Өзбекстан президенті Ислам Каримовты сотқа бермек болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG