Accessibility links

Шекарадағы жүк көліктері Қырғызстанға өте бастады


Азаттық радиосының қырғыз редакциясы, ақпанның басынан бері қазақ-қырғыз шекарасында тұрған жүк тиеген көліктерді қазақ кеденшілері Қырғызстанға өткізе бастады деп хабарлады.

«Қазақ жағы Қырғызстанға бағыт алған жүк көліктерінің әрбіреуін мұқият тексеріп барып, Қонысбай шекара бекеті арқылы қырғыз жағына өткізе бастады. Әрқайсының үстінде 20-30 тонна жүгі бар көліктер Қырғызстанға Ираннан, Түркиядан жжәне Қытайдан келе жатқан. Ұзын-саны жүзге тарта жүк көліктері ақпанның 1-нен бастап қазақ-қырғыз шекарасында тұрды», - деп хабарлайды Азаттықтың қырғыз қызметі.

Қазақстанның ресми орындары әзірге бұл ақпаратқа қатысты ешқандай түсінік бермей отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG