Accessibility links

Қытайда екі рет жер сілкінді


Қытайда жуырда екі жерсілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Синьхуа" ақпараттық агенттігі.

Қытайдың сейсмологиялық желісінің мәліметінше, 22 ақпанда сағат 21.32-де Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лунчан уезінің Нэйцзян қаласы мен Чунцин қаласы Жунчан уезінің қиылысында магнитудасы 4,2 балл жер сілкінісі тіркелген.

Сондай-ақ, кеше Бейжің уақытымен сағат 13.21-де тайваньдық Хуалянь ауданының теңіз жағалауында магнитудасы 5,1 балл жер сілкінісі болған.
XS
SM
MD
LG