Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігінде жарылыстан 7 адам қаза тапты


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясында болған жарылыстан жеті адам қаза тауып, оннан аса адам түрлі жарақат алған.

Жергілікті билік қаза болғандардың барлығы бейбіт тұрғындар екендігін хабарлап отыр.

Жарылыс провинцияның әкімшілік орталығы болып есептелінетін Лашкар-гах қаласында болған. Жарылғыш зат тұраққа қойылған мотоциклге орнатылған, полиция тергеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Хельманд провинциясында шетелдік және ауғандық күштердің тәліптерге қарсы кең көлемді әскери шабуыл жасап жатқандығына осымен он бірінші күн болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG